Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімі
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылы, Махамбет көшесі 5

Есбол орта мектебінде 2018 жылдың   15 мамыр күні  «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт -  сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» жалпыұлттық ата – аналар жиналысы ұйымдастырылды.

 

Қатысқандар: 50

Қатыспағандар:11

 

Қаралатын мәселе:

 

  1. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру мәселелері /баяндама/ (А. Иманкулова)
  2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру – тәрбие негізі. Мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі. Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту. (Ж. Сұлтанғалиева)
  3. 11 – сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау. Оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы .Оқу процесін цифрландыру (А. Хасанова)
  4. Оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелері енгізілген. (Әділжанқызы А)
  5. Бірыңғай мектеп формасы бекіту (М. Зинуллина)

 

Тыңдалды:

 

Бірінші мәселе бойынша ата аналар комитетінің төрайымы Иманкулова А «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсаты - біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру салты болып табылатынын айтып өтті.

 

«ОТАНЫМ – ТАҒДЫРЫМ», «ӨЛКЕТАНУ», «САНАЛЫ АЗАМАТ»  бағыттары бойынша жүйелі жоспар жүргізілгендігі туралы айтып өтті. 2017-2018 оқу жылындағы мектептің Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстарымен,   Отбасы - баланың жеке тұлғасын әлеуметтендірудің алғашқы институты, оның үлкен ересек әлеміне кіруі бойынша алғашқы қадамы. Бүгінгі таңда оң отбасылық дәстүрлерді қайта өркендету, отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесімен алмасу ҚР тәрбие жүйесінің маңызды міндеті болып табылатынын Отбасы мен мектептердің өзара іс-қимылын күшейту үшін қамқоршылық кеңестер қажет  екенін айтып өтті.

 

Екінші мәеле бойынша оқу ісінің меңгерушісі  А Хасанова  2017-2018 оқу жылының қорытындысы, оқушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларымен таныстыра өтті. Оқу-тәрбиелік процесті цифрландыру, робот техникасы,  «Білім Lend» және «Күнделік» жұмысы туралы  мектеп жоспарларымен ата-аналарды таныстырды.

 

Үшінші мәселе бойынша мектеп кітапханашысы А. Әділжанқызы оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелері енгізілгендігі туралы, мектеп оқушыларының кітапханамен  байланысы туралы айтып, жыл бойына  атқарылған жұмыстары жөнінде айтты. Жиналған ата аналар қаралған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.

 

Төртінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы М . Зинуллина бірыңғай мектеп формасы туралы сөз сөйлеп, үлгілерін көрсетіп таныстырды.

 

Қаулы етеді:

 

Ата аналар барлығы бірауыздан атқарылған жұмыстар бойынша қанағаттанарлық деген баға берілді. Ата аналар бірауыздан мектеп формасы қою қара көк түсті таңдап, қыз балаларға жилет, юбка, ер балдарға жакет, шалбарды алатынын айтып келісті.

 

 

Жиналыс төрайымы:                       А. Рахымғалиева А

Хатшысы:                                       А.  Иманкулова