Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімі
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылы, Махамбет көшесі 5

Есбол орта мектебінің алғашқы негізі 1926 жылы сауат ашу мектебі ретінде қаланды. Сауатсыздықты жою жолында алғаш еңбек еткен мұғалімдер Иғалиев Айтқали, Тілепов Меңдіғали және Кенжеғали Тәшекеновтар болды.

 

1931-32 оқу жылдан бастап  Есбол жеті жылдық мектебі білім есігін ашты. 1957 жылы Қызылүй орта мектебі көшіп келіп, мектеп үйі 1929 салынған аурухана үйіне көшті. Алғашқы ашылған мектепте Алпан Құдайбергенов, Қапиза Құдайбергенова, Қабдол Қыстаубаев, Жұмабике Шатенова, батиха Жакиева сынды ұстаздар еңбек етіп, талай шәкірттерді білім нәрімен сусындатты.

 

Қара шаңырақтан дәріс алған шәкірттер кейінде осы білім ордасына қайта келіп, ұстаз болып басшылық қызметтерде атқарды.

 

Олардың ішінде: Жұбанов Орынбасар, Шыниязов Алдияр, Дөкесов Жабу, Бисенова Махаш сияқты білім саласының ардагерлерін атауға болады.

 

Халық игілігін молайтуға немесе ауыл шаруашылығында еңбек етіп өндірісті өркендетуге білім мен мәдениетті жаңартуға өзіндік үлестерін қосып жүрген мектеп түлектері мұнайшылар Ізмұқанбетов Бақтықожа, Тұрғарина Рыс, Бөлеков Амангелді журналист Есенғалиев Атшыбай, дәрігерлерШортабаева Камшат,Шортабаева Фаризат, Оразғалиев Тілеген, марқұм әр түрлі мамандық иелері Нұрышов Бағытжан, Нұрышоа Қалымжан, Нұрышова Гүлжихан эконмист Алпатанов Сергей дәрігер Сабиров Ермек, Салықов Мұрат сондай-ақ Мырзабаев Қайыржан, Сұлтанов Жылқайдар, Жұмиев Нұрлан т.б көптеген есімдерді атауға болады.

 

Мектеп 1972-73оқу жылында Есбол сегізжылдық мектебі болып қайта құрылды. Бұл жылдары мектепте Берғалиев Сембі, Нұралиев Қуаныш директор болып қызмет атқарды. 1984-2015  жылдар аралығы Бисенова Махаш, Тюрина Фазила 2015 жылдан мектеп директоры.   1995-1996 оқу жылында Есбол сегізжылдық мектебіне Есбол орта мектебі мәртебесі /статусы / берілді.

 

2001 жылдың 25 қаңтарда екі қатарлы 250 орындық мектеп үйі салынып пайдалануға берілді.Жаңа мектеп үйінің салынуына сол кездегі облыс әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағанбетовтың ерен еңбегі ерекше.

 

Алғашқы мектеп директоры

 

Құдайбергенов Алпан Қаражанұлы (1879- (1880) -1937жж.) бұрынғы Бөкей ордасы Мыңтөбе болысы, (Гурьев облысы Денгиз ауданы) қазіргі Атырау облысы Исатай ауданы Забурын(Зинеден) ауылында дүниеге келген. Қазақстандағы алғашқы педагогтардың бірі. Өзі қызмет еткен ауыл мектептерінде алғаш политехникалық білім мен еңбек тәрбиесінің  негізін қалап, жүзеге асырған мұғалім. Алғашқыда Ганюшкино селосындағы бір кластық мектепте оқып, соңынан Ордадағы екі кластық мектепті және соның жанындағы педагогикалық курсты 1903 жылы бітірген. Осыдан кейін 18 жыл бойы өзі туған ауылындағы «Тоқсан арал» үлгілі мектебінде, 1922 жылдан бастап Ганюшкинодағы мектеп – коммунада,  1927-28 жылдары Жәнібек жетіжылдық мектебінде,1929 – 37 жылдары Бақсай (қазіргі Махамбет) ауданындағы Қызылүй және Есбол орталау мектептерінде (Дмитрий Фурманов атындағы) мұғалім, кейіннен мектеп меңгерушісі болып істеген. 1931-32 оқу жылында Есбол орталау мектебіне қызметке келеді. «Тоқсан арал» үлгілі мектебін 1904 жылы өз қаржысына салып, ұйымдастырған. Мектептерде қазақ балаларын, әсіресе қазақ қыздарын орыс тілінде оқып, сөйлеуге, жазуға баулып отырған. Алпан Құдайбергеновтың жаңашыл-педагог ретінде елге сіңірген ерекше еңбегі – ер балаларды ағаш шеберлігіне, балық аулайтын тор тоқу, қыз балаларды іс тігу, кестелеу кәсіптеріне үйретуі болып табылады. Алпан Құдайбергенов Москва қаласында 1925 жылы өткізілген  I  Бүкілодақтық мұғалімдер съезінің делегаты. Сәкен Сейфуллинмен, басқа да көзі ашық оқыған азаматтармен хат-хабар алысып тұрған. 1937 жылы 15 октябрьде Ішкі Істер Халық Комиссариаты  Бақсай (Есбол) аудандық Ішкі Істер Бөлімі тұтқындап, Ішкі Істер Халық Комиссариаты Батыс Қазақстан облыстық Басқармасының  ҮШТІГІ  (ТРОЙКА  УНКВД) 1937 жылғы 25 ноябрьде РСФСР Қылмыстық Кодексінің  58-2, 58-10, 58-11 баптарымен Ең жоғарғы жазалау шарасына (Ату жазасына) үкім етіп, 1937 жылы 3 декабрьде атылған. 1957 жылы 22 ноябрьде Қазақ ССР Жоғарғы Советінің қылмыстық істер жөніндегі Сот коллегиясының шешімімен қылмыс құрамы дәлелденбегендіктен толықтай ақталған.

 

 

Құдайбергенов Алпан Қаражанұлы 1925 жылы Москвадағы Мұғалімдердің  I съезінің делегаты

 

 

Құдайбергенов Алпан Қаражанұлының СССР Ағарту қызметкерлері кәсіпшілер одағының № 1848350  мүшелік  билеті

 

 

Солдан оңға қарай отырғандар: Алпан Қаражанұлы, Уалит Алпанұлы, Алпанның әйелі Қапиза Құдайбергенова

 

 

 

Уалит Алпанұлы Құдайбергенов

 

 

Уалит және Халит (Мойнақ) Алпанұлы Құдайбергеновтер

 

 

Алпан Құдайбергеновтың қызы Амина Алпанқызы Сатимова – Алматыдағы Санжар Аспендияров атындағы медициналық институттың тұңғыш түлегі, Алматы финанс-кредит техникумын ашушы, Қазақстандағы алғашқы банкирлердің бірі Абеш Сатимовтың әйелі, дәрігер-инфекционист, ұлы Оразбен.

 

 

Алпанның ұлы  Уалит Алпанұлы 1968 жылы Москвада өткен Бүкілодақтық мұғалімдер съезінде

 

Соғыс жылдарынан кейінгі мектеп басшылары

 

Жұбанов Орынбасар Боранбайұлы 1926 жылы  Гурьев облысы Бақсай ауданы Сарайшық селосындад дүниеге келген. Ленинградтың әскери училищесін, А.С.Пушкин атындағы  Орал педагогикалық институтын бітірген. Кейіннен Абай атындағы қазақ  мем лекеттік институтының ағылшын тілі факультетінде оқып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеріп шыққан. Еңбек еткен жылдары оқушыларға орыс, ағылшын тілдерінен дәріс берген.  Қызылүй орта мектебінде 1954 – 1957 жылдары, Фурманов (Есбол) орта мектебінде 1957 – 1959 жылдары директорлық қызмет атқарған.  1959 жылдан өмірінің соңғы жылдарына дейін Сарытоғай орта мектебінде орыс тіліл мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері»,  КСРО Білім Министрлігі  «Құрмет грамотасының» иесі.

 

 

Шыниязов Алдияр 1927 жылы ақпан айының 1 жұлдызында бұрынғы Новобогат, қазіргі Исатай ауданының Тұщықұдық (бұрынғы Бабан ауылы, Нарын құмы) дүниеге келген.Бір жасқа жетпестен әкесінен жетім қалған. Ағалары Шыниязов Захан мен Шамекен Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен.1935-1942 жылдары Тұщықұдық ауылында Каганович атындағы орталау мектепте жеті кластық білім алады.1942-43 оқу жылында Бабан ауылындағы Сталин атындағы орта мектептің УІІІ сыныбын аурулық себепті аяқтай алмай,ұжымшар жұмысыны араласады.1943  жылы ұжымщар басқармасы есепшілікке қабылдайды.1944 жылы Ақтөбе қаласындағы 4 айлық есепшілер курсын тәмамдап,1945 жылы жылқы фермасының меңгерушілігіне жоғарылатылады. Ұлы Отан соғысы аяқталған кезде шешесі дүние салып, жалғыз қалады.Оқысам деген арманмен ол 1947 жылы Гурьев қаласындағы бастауыш класс мұғалімдерін даярлайтын педучилещеге оқуға түсіп, 1949 жылы аяқтайды. 1951 жылы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түсіп, оны 1955 жылы ойдағыдай аяқтайды. Новобогат (қазіргі Хамит Ерғалиев) ауылындағы Амангелді (қазіргі Ғ.Масалимов) атындағы орта мектепке бірден директорлыққа тағайындалып, 1957 жылға дейін сол лауазымда қызмет жасайды.Атақты домбырашы Ғ.Масалимовпен бірге ұлт аспаптар оркестрін құрады,өзі сол оркестрдің прима-домбырашысы болады.Оркестр 1957 жылы облыстық фестивальде І жүлде, республикалық І  жастар фетивалінде Лауреат атанып қайтады. 1957 жылы жанұя жағдайына байланысты  Куйбышев орта мектебіне жіберіледі. 1959-1963 жылдар Фурманов орта мектебінің директоры қызметін атқарды. Фурманов орта мектебінде өткізілген облыстық конференцияда қазақ тілі мен әдебиеті пәндері боцынша сабақ берудегі озат әдістері қатысушылардың жақсы бағасын алып, тәжірибесі «Іздену жолындағы ұстаз» тақырыбымен бетше болып таратылды. 1969 жылы Ақтөбе, 1974 жылы Алматы қалаларындағы, С.Сейфуллин, І.Жансүгіровтердің 80 жылдығына байланысты өткізілген аймақтық және республикалық педагогикалық оқуларға қатысты. 1969-1976 жылдары Егізкөл сегізжылдық мектебінің оқу ісінң меңгерушісі, кейін Фурманов атындағы орта мектептің кластан тыс тәрбие жұмысын басқарды. 1977 жылы тамыз айында «Заурал» кеңес шаруашылығы жұмысшыларының есепті конференциясында жұмысшылар комитетінң төрағасы болып сайланып, ол қызметті 1983 жылға дейін абыроймен атқарды. 1983-1988 жылдары Жалғансай орта мектебінің директоры болып тағайындалып, 1988 жылы еңбек демалысына шықты.Өмірінің жарты ғасыры боына еңбек еткен ол соның 35 жылын келешек ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне арнады. 1964 жылы «Коммунистік еңбектің екпіндісі» атағына ие болып, 1973 жылы «Қазақ ССР оқу ісінің үздігі» айрықша белгісімен, 1970 жылы «В.И.Лениннің 100 жасқа толуы» медалімен, Ұлы Отан соғысының 50,55 жылдықтарына арналған медальдармен, облыстық, аудандық оқу бөлімдерінің «Құрмет Грамоталарымен», «Алғыс хаттарымен» бірнеше мәрте марапатталған. Ұлын ұяға , қызын қияға ұшырған, жапырағы жайылған үлкен әулеттің ұйтқысы, ауылдағы қадірлі ақсақалдардың бірі.

 

 

Дөкесов Жабу Дөкесұлы 1929 жылы Гурьев облысы Бақсай ауданы  №8 ауылда дүниеге келген. Осы ауылда білім алып, 1945-1946 жылдары Гурьев педучилищесін оқып, бітірген.Ұстаздық ете жүріп, 1947-1949 жылдары Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы пединститутты  тәмамдаған. 1947 жылдан бастап өзі оқыған Қызылүй орта мектебінде ұстаздық жолын бастап, 1956-1959 жылдары Орынбор мұғалімдер институтының тарих факультетін бітірген.1954-1957 жылдары Талқайраң орта мектебінің директоры,  Бақсай аудандық партия комитетінің хатшысы, 1960-1963 жылдары Қызылүй орта метебінің, 1964-1978 жылдары Фурманов орта мектебінің директоры бола жүріп, тарих пәнінен дәріс береді. 1978-1986 жылдар арарлығында Есбол селолық советінің төрағасы болып жұмыс атқарды.Өзі еңбек еткен жылдары ішінде 28 шәкірт мектепті  Алтын медальмен бітірді. Зейнетке шыққан соң Ортақшыл селосында ақсақалдар алқасына төраға болды. Ортақшыл селосындағы бір көшеге оның есімі берілді.

 

Марапаттары:

  • Гурьев облыстық кәсіподақтар комитетінің Мақтау Грамотасы – 1965 жыл
  • Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері – 1966 жыл
  • ҚКП Гурьев облыстық коитетінің Құрмет Грамотасы – 1966 жыл
  • Қазақ ССР Халық ағарту Министрінің Мақтау Грамотасы – 1967 жыл
  • В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу юбилейлік медалі – 1970 жыл
  • Социалистік жарыстың жеңімпазы – 1974, 1975 жылдар
  • СССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері – 1977 жыл
  • «Білім қоғамының» Құрмет Грамотасы – 1977 жыл
  • Махамбет ауданынң Құрметті кітабына тіркелген – 1979 жыл
  • Ортақшыл селосының «Құрметті азаматы» - 1989 жыл
  • Махамбет аудандық Халық ағарту бөлімінің Құрмет Грамотасы – 1989 жыл

 

Берғалиев Сембі 1932 жылы туған. Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек етіп, тер төккен, сауыншы болып жасаған анасына қолғабыс беріп, жазғы демалыста жер арбамен шабылған шөпті тасып, қыстақ басына үйген. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін 1954 жылы бітірген.. Махамбет ауданындағы Фурманов атындағы орта мектепте 15 жыл оқу ісінің меңгерушісі, 7 жыл Есбол орталау мектебінің, 7 жыл Чкалов орта мектебінің директоры болып жұмыс жасады.Ол директорлық қызмет атқарған жылдарда 12 мектеп бітіруші алтын және күміс медальға ие болоды, 6 мұғалім «Қазақстан Республикасы Халық ағарту ісінің үздігі» атағын алды. «Қазақстан мұғалімі» газеті мен «Қазақстан мұғалім» журналдарына күрделі педагогикалық, методикалық тақырыптарға мақалалар, әдістемелік тәжірибелерді қорытып рефераттар жазды. Осы еңбектері үшін 1972 жылы «Қазақстан Республикасы Халық ағарту ісінің үздігі» атағын алды, 1987 жылы облыста бірінші болып «Әдіскер – мұғалім» Дипломын алды. Бейбарыс ауылындағы Чкалов атындағы орта мектептің 70 жылдығына арнап кітап жазып, ол 2008 жылы «Мектебім, менің мектебім» деген атпен басылып шықты. Зейнетке шықса да қоғам өмірінен қол үзбей, қажетті жерде ақсақалдық ақыл-кеңестері, ұсыныстарын беріп отырды. 2005 – 2012 жылдар аралығында Бейбарыс ауылындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.Атырау облысы мұғалімдерінң энциклопедиясына және Махамбет ауданы озат еңбеккерлерінің энциклопедиясына тындырымды, нәтижелі еңбектері жазылған. «Ұлы Жеңіске 70 жыл», «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» медальдарымен марапатталған. Махамбет ауданының «Құрметті азаматы». «Өмір өрнектері» деген еңбегі «Ақжелкен» баспасынан жеке кітап болып басылып шықты. Облыстық «Атырау», Махамбет ауданының  «Жайық шұғыласы» газеттеріне әңгіме, очерктерін, естеліктерін үнемі жариялап отырады.

 

 

 

Нұралиев Қуаныш 1940 жылы 15 қарашада Гурьев облысы Бақсай (қазіргі Махамбет) ауданындағы 8- ауылда дүниеге келген. 1947-1957 жылдар ы Қызылүй орта мектебінде оқып, орта білім алып шығады. 1957 жылы Гурьев Мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1962 жылы қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  мамандығын алып шығады.1962-1978 жылдары Фурманов атындағы орта мектебінің негізінде ашылған Есбол орталау (негізгі) мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс береді. 1978 жылы Есбол орталау мектебінің директоры болып тағайындалып, 1984 жылға дейін сол қызметті атқарды. Мектептің көркем безендірілуіне, көрнекі-дидактикалық материалдар мен иллюстрациялардың сабақта кеңінен пайдаланылуына баса көңіл бөлді. 1984-1989 жылдары Ақжайық селолық кеңесінің төрағасы, 1989-2003 жылдары Қызылүй орта мектебінің директор лауазымында жұмыс жасап, 2004 жылы зейнетке шықты.2005 – 2015 жылдары селолық Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып, қоғамдық жұмыс атқарды. Ауылдың, ауданның көкейтесті мәселелеріне көңіл аударып, аудандық, облыстық баспасөз беттерінде мақала жариялап, сөз қозғап отырады.

 

Марапаттары:

  • 1970 жыл - Қазақ ССР-і ме Қазақстан Компартиясының 50 жылдық юбилейіне арналған облыстық Құрмет Грамотасы
  • 1977 жыл – «Отличник народного просвещения» значогі
  • 1983 жылы - Қазақ ССР Оқу Министрі мен кәсіподақтар комитеті төрағасының «Құрмет Грамотасы»
  • 2000 жыл - Атырау облыстық білім басқармасының «Құрмет Грамотасы»
  • 2008 жыл -  Атырау облысының «Құрмет Грамотасы»
  • 2010 жыл -  Атырау облысы соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің «Құрмет Грамотасы»
  • 2012 жыл -  «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі
  • 2013 жыл -  Атырау облысы әкімінің «Алғыс хаты»

 

Бисенова Махаш – 1951 жылы 16 желтоқсанда Гурьев облысының  Махамбет ауданына қарасты  Қарашығанақ ауылында дүниеге келді. Есбол селосындағы  Фурманов  атындағы орта мектебін   1969 жылы бітірді. 1969-1973 жылдары  Гурьев ( Атырау ) қаласындағы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтында оқыды. 1973 -1974 жылдары  Махамбет ауданының Новобогат селосындағы Амангелді  Иманов атындағы  орта мектепте   математика  пәнінің  мұғалімі болып жұмыс атқарды. 1974 – 1979 жылдары  Есбол селосындағы Есбол орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі болды. 1979 – 1984 жылдар аралығында  осы мектептің оқу ісінің меңгерушісі  қызметін атқарып, 1984 жылдан  2015 жылға  дейін аталған мектептің  директоры болып жұмыс  жасады.  Білім беру саласында  ұстаздарға инновациалық  озық тәжірибе мен және  жас жеткіншектерді ғылым мен білімнің сан салалы  ақпараттық жаңалықтарын меңгерту  бағытында,мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту , Республика көлеміндегі тұңғыш рет  алты жасарларды оқыту, 12 жылдық білімге көшу  эксперименттік алаңдарды ашу мақсатында көп еңбек жасады. Жас ұрпақты өмірге даярлау кәсіптік мамандыққа бағыттау, ұжым мүшелерін әлеуметтік қорғау, аз қамтамасыз етілген  жанұяларға көмектесу мақсатында Елбасының  шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бастамасының көрінісі ретінде мектеп жанынан «Арнаулы есепшот» ашып , қосалқы шаруашылық ұйымдастырды. Тігін цехы, қой шаруашылығы, егін шаруашылығы салалары бойынша жұмыс жүргізіп, өнімдерін тұтынушыларға арзан бағамен өткізіп отырды. 

 

Марапаттары:

Қ.Р.Білім министрлігінің Құрмет Грамотасы  -              1991жыл

ҚР Білім беру ісінің үздігі-                                               1993жыл

Астана медалі –                                                                  1998 жыл

Қазақстанның Тәуелсіздігінің 10 жылдығы  медалі-     2001 жыл

ҚР және ғылым министрлігінің І дәрежелі Дипломы-  2001 жыл

«Ы.Алтынсарин  төсбелгісі» -                                          2009 жыл

Президент Н.Ә.Назарбаевтың  «Алғысхаты » -             2010 жыл

«Ана жүрегі» медалі -                                                       2017 жыл

 

Бисенова Махаш  қоғамның саяси өміріне де белсене араласты. Ол аудандық мәслихаттың 3 шақырылымына  депутат болып сайланып, Республикалық іскер әйелдер Форумына  қатысты.

 

 

Тюрина Фазила Жауғаштықызы, 1968 жылы

7 қазанда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық совхозында дүниеге келді. 1975-1985 жылдары Қызыл үй орта мектебін аяқтап, орта білім алып шықты. Алғашқы еңбек жолын 1987-2005 жылдары Ақжайық совхозы «Арай» балабақшасында тәрбиеші қызметінен бастады. 1993-2007 жылдары Есбол селосындағы «Айгүл» балабақшасында тәрбиеші қызметін  атқарды. 2005-2009 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» факультетін  тәмәмдап, мамандық алып шықты. 1991 жылы Есбол ауылы Есбол орта мектебінің ұзартылған күн тәрбиешісі қызметіне жұмысқа орналасып,  1993 жылы Есбол балабақшасына  тәрбиеші болып жұмысқа ауысты.  2007-2015 жылдары Есбол селосындағы «Айгүл» балабақшасының меңгерушілігін атқарып,  бүгінде   Есбол орта мектебінің директоры болып қызмет жасап келеді. Махамбет ауданы  әкімінің 2012 жылғы «Алғыс хатымен» және 2013 жылы Аудандық білім бөлімі басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды. 2016 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Құрмет грамотасымен»,  Махамбет ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 2017 жылы «Облыстық білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен шығармашылық жетістіктері үшін» Атырау облысы білім беру басқармасының  «Құрмет грамотасымен» және  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың кәсіби құзіреттілігі мен білім сапасын арттыру» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінде Білім беру мекемелері басшылары -ның секциясы бойынша І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы «Педагогтердің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту – білім беру сапасын басқару құралы ретінде» тақырыбында Орал қаласында  Педагогикалық шеберлік орталығында  біліктілік арттыру курсынан өтіп, сертификат алды. 2006 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

 

1.Мектеп 1928жылы ашылған. Есбол селосында /11 ауылда/ орналасқан

Алғашқы аталуы – Есбол жетіжылдық мектебі

 

Алғашында 4 сынып болған, кейіннен 7-ге өскен.

 

Директоры-Құдайбергенов Алпан Қаражанұлы (1880-1938.репрессия құрбаны)

 

Мұғалімдер: Алпанның әйелі Құдайбергенова Қапиза, Тілепов Меңдіғали, Иғалиев Айтқали, Шатенова Жұмабике.

 

Олардың кейінгі және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мұғалімдер:

 

Ақтаев Қазеш,Тәшекенов Кенжеғали, /тарих,геогр/, Ибрашов Іскендір/математика/ Қаржаув Хасан /баласыЕлеуов Максим Индерборда тұрады/Ибрашев Әйіп/әскери іс /1945 жылы/ Қашқынбаев Тұрлан (орыс тілі) ұрпақтары Атырауда тұрады.

 

Мектеп үйінің тасын дайындап салғандар: Тәкенбаев Хасан, Қауғабаев Қанатқали, Тілепов Меңдіғали.

 

2.Қазіргі атауы –Есбол орта мектебі

 

Атақты ұстааздар:Жанасов Орынғали  (1934-1999)/марқұм/ Айжарықова Хамида (1917) Әтенова Зәру (1927) («ҚССР халық ағарту ісінің үздігі»)  Рахметова Бәтима, Хайрошова Ақсұлу («ҚССР халық ағарту ісінің үздігі »)  Әлдешов Бақтығали/марқұм/ («ҚССР халық ағарту ісінің үздігі»)

 

3.«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздіктері»:

 

1.Бисенова Махаш-мектеп директоры, мамандығы математик

 

(«Астана» «Ыбырай Алтынсарин» медальдарының иегері)

 

«Сорос-Қазақстан қорының » дипломанты,

 

«Жыл директоры -1998»байқауының жүлдегері

 

2.Орынбасарова Биби-бастауыш сынып мұғалімі

 

3.Есенғалиева Дамира-тарих пәнінің мұғалімі

 

4.Избасова Салима- химия пәнінің мұғалімі

 

4.Мақтанарлық мектеп   түлектері:

 

  1. Төленов Дүйсенғали (марқұм)ұзақ жылдар Махамбет аудандық білім бөлімін басқарған
  2. Жұмиев Қожас (1924)-зейнеткер Чкалов селосында тұрады
  3. Әтенова Зәру-зейнеткер Есбол селосында тұрады
  4. Қабиева-Медеуова Қадиша Керейқызы –облыстық әмбебап кітапхана директоры
  5. Ізмұқанбетов Бақтықожа /мектепті күміс мадальмен бітірген/-ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі.
  6. Тұрғарина Рыс (Бақтықожаның зайыбы)-/мектепті күміс медальмен бітірген мұнай саласының маманы.
  7. Оразғалиев Тілеген (марқұм)-Ресей мен Қазақстанға танымаол дәрігер
  8. Мұстафин Жеңіспек-Атырау университетінің аға оқытушысы
  9. Мырзабаев Қайыржан –ішкі істер генерал – майоры
  10. Бисенова Махаш-мектеп директоры
  11. Есенғалиев Өтерберген-мал дәрігері
  12. Шортабаева Зоя-білім беру ісінің ардагері(Ақтауда тұрады)
  13. Нұрышов Бағытжан-ішкі істер қызметкері

14.Бөлеков Амангелді-мұнай қызметкері

  1. Шортабаева Кәмшат-танымал дәрігер(Ақтөбеде тұрады)
  2. Шортабаева Фаризат-облысқа танымал окушер-гинеколог дәрігер
  3. Мұстафин Елеукен танымал дәрігер /Х. Ерғалиев ауылында тұрады/
  4. Алпатанов Сергей-облыстық эканомика басқармасының бастығы
  5. Салқынбаев Хайролла (марқұм) –облысқа танымал дәрігер
  6. Нұрышов Ғалымжан-эканомика ғылымының докторы Ақтөбе педагогикалық институтының ректоры
  7. Жұмағалиев Амантай-танымал дәрігер эпидемолог
  8. Қауғабаева Тамара – «Рысбай LTD»компаниясының менеджері
  9. Есенғалиев Теміржан – орта мектепті «Үздікаттестатпен бітірген», «Есбол орта мектебінің мұғалімі, ақын сазгер, орындаушы, бірнеше мәрте байқаулардың лауреаты»
  10. Сабыров Ермек – «Заурал»учаскелік ауруханасының бас дәрігері
  11. Сәрсенова Нұрзила – ОМБЖжҚДИ директоры
  12. Тәжмағамбетов Хамидолла (марқұм) – ҚР білім беру ісінің үздігі
  13. Шортабаев Толай – мұнай маманы

28.Нұрышов Қамбар – облыстық соттың судьясы

  1. Жұмиев Нұрлан – мұнай инженері
  2. Жайлашов Самат – қосарал орта мектебінің директоры
  3. Жолдасов Серік – мұнай маманы
  4. Жолдасова Күлән- мұғалім
  5. Қабесова Тамара – ҚР білім ісінің үздігі
  6. Сұлтанов Жылқыайдар – Махамбет аудандық спорт мектебінің директоры
  7. Құлмашов Әміржан – ҚР білім беру ісінің үздігі, қызыл үй орта мектебінің директоры
  8. Ерсайынова Света – ғылым кандидаты
  9. Жұмағалиева Любэ- Қр білім існің үздігі
  10. Салтанова Ғалия – хизика-математика ғылымдарының кандидаты Атырау университетенің оқытушысы
  11. Жанбосынов Марат – мұғалім /Алматы облысында тұрады/
  12. Жексенғалив Мардан – энергетик
  13. Есенғалиев Жақсылық – (марқұм) Павлодар трактор заводының энергетигі
  14. Досқалиев Әдиет – облысқа танымал фармоколог
  15. Бектеміров Сәрсенғали – ішкі істер қызметінің ардагері
  16. Иғалиев Нұржан – ішкі істер қызметінің ардагері
  17. Ермекбаев Көңілқош – ішкі істер қызметінің ардагері
  18. Есенғалиев Атшыбай – ((марқұм)экономист
  19. Шортабаев Қауысбай – облымтық ардагерлер кеңеінің төрағасы
  20. Сарыбаев Сисен (марқұм) – облыстық№1 балалар үйінің директоры
  21. Бопылдықов Сапар ()марқұм Есбол селолық кеңісінің хатшысы
  22. Қожағалиев Орынбасар – мұғалім
  23. Ержанов Ермұрат (марқұм) мұғалім, мектеп директоры болған
  24. Ержанов Асылбек – гидротехник
  25. Қапашова Мизекен- соғыс және еңбек ардагері
  26. Бөлекова Зәуреш – Заурал учаскелік зертхана меңгерушісі медик
  27. Есекеноа Ерсайын – Сарайшық селолық округының бас маманы
  28. Жұмабаев Есенгелді – партия,кеңес,қызметкері Жалғансай селолық округының әкімі болған зейнетте
  29. Түгелбаев Жолай – комсомол ардагері Есбол селолық округінің әкімі болып қызмет атқарған қазір осы округтік бас маманы
  30. Орынбасров Тілек – кәсіпкер
  31. Ізғалиев Әділбек – кәсіпкер
  32. Қарабалиев Қуаныш – ауыл шаруашылығы маманы
  33. маханова Сайлау – тігіінші, зейнет демалысында т.б

 

6.Мектеп құрылғаннан бері директорлар

 

  1. Құдайбергенов Алпан – 1928-1937 оқу жылы
  2. Ибраев Айтқали - 1937-1939
  3. Тағамбаев Теміржан – 1939-1941
  4. Қашқынбаев Тұрлан – 1941-1942
  5. Қожаева Нәбира – 1942-1944
  6. Әймішов Жолдығұл -1944-1948
  7. Ержанав Ермұрат – 1953-1956
  8. Жұбанов Орынбасар – 1956-1959
  9. Шыниязов Алдияр – 1959-1964
  10. Дөкесов Жабу – 1964-1972
  11. Берғалиев Сембі – 1972-1979
  12. Нұралиев Қуаныш – 1979-1984
  13. Бисенова Махаш – 1984 -2015
  14. Тюрина Фазила – 2015 жылдан бері