А Н Ы Қ Т А М А
Ата-аналармен жұмыс. Есбол орта мектебі бойынша 2017 жылдың 28 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Отбасылық тәрбиеге – басты басымдылық» тақырыбында ата-аналар апталығы болып өтті.Жоспар жасақталып,сол бойынша жұмыстар жасалды. Ашық есік күні ұйымдастырылып, мектеп психологының ұйымдастыруымен «Мықты отбасы-мықты мемлекет» атты ата-аналармен сұрақ-жауап кеші өтті. Сонымен қатар қыздар кеңесінің төрайымы Альсмахова Айнұр қыздар жиналысын өткізіп, ата-аналармен «Қызым саған айтам...» атты дөңгелек үстел өткізді. «Болашаққа негіз тәрбиеден» атты пікірталас өтіп,ата-аналар өз ойларын ортаға салып,тренингтер өткізіліп,сергіп қайтты. «Отбасым шуағым» атты тәрбиелік шара өтіп,оқушылар ән айтып,би биледі. «Анашым- жан шуағым!» атты психологиялық жаттығулар ұйымдастырылып, «Сиқырлы тәттілер», «Анаңды қолынан таны», «Жанұя шашуы», «Тілек шамы» секілді ойындар ойналды.Апталық өз дәрежесінде өтіп,ата-аналар қуанышпен тарасты.10.11.2017ж Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі Альсмахова Айнұр «Отбасы тәрбиенің ұясы» атты тренингтерін өткізді. «Нұрға бөлену» Тыныштық сәтімен бастап, ата-аналарға қызықты сұрақтар берді.Ата-аналарды топқа бөліп,мақал-мәтелдердің мағынасын ашты, «Балаңызға деген сүйіспеншілік» деген ойын ойнатты. 2018 жылдың 30 қаңтар мен 4 ақпан аралығында «Менің отбасымның бағы-елімнің мәртебесі» тақырыбында ата-аналар апталығы болып өтті.Жоспар жасақталып,сол бойынша жұмыстар жасалды. Ашық есік күні ұйымдастырылып, «Ана мен әке тәрбиесінің мектеп тәрбиесімен сабақтастығы» тақырыбында мектептің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары С.Қоржықбаева семинар өткізді.Сонымен қатар 8 сыныптар арасында «Ибалы ұл,инабатты қыз-өмір көркі» атты пікірталас өткізіліп,ата-аналармен қыздар арасында шара өткізілді.Қыз тәрбиесі жөнінде түрлі сұрақтар қойылды.Видеороликтер көрсетілді.Ата-аналардың пікірлері тыңдалды.«Үйдегі бақытқа бөленген бала-бақытты бала» тақырыбында мектеп психологы ұйымдастырған дөңгелек үстелде өз дәрежесінде өтті.Ата-аналармен тренингтер ұйымдастырылып,ойындар ойналды.Мектебіміздің жас маманы құқық пәнінің мұғалімі Қақиева Айнагүлдің ұйымдастыруымен «Отбасылық-неке қатынастары,баланың құқықтары,ата-ананың балалар тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру» тақырыбында 9,10,11 сыныптар арасында ата-аналар мен оқушылар арасында пікіралмасу өткізді. Видеороликтер көрсетіліп,сол төңірегінде әңгіме өрбіді.Сұрақтар қойылып, «Қол көмек» ойыны ойналды.Дене тәрбиесі бірлестігінің ұйымдастыруымен «Спорт-есірткіге қарсы» атты спорттық сайыс өткізілді.Апталық өз дәрежесінде өтті.
4 ақпан күні «Балаңызды жат әдеттерден сақтаңыз» тақырыбында ата-аналармен семинар өткізілді.
Семинарды ата-аналар комитетінің төрайымы Есенаманова Актоты ата-аналарға сәттілік тілеп,жаман әдеттер туралы қысқаша мағлұмат беріп өтті.
Ата-аналарға видеоролик көрсетіліп,сол төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Ата-аналар темекінің зияны туралы,есірткінің зияны туралы постерлер қорғап,өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Әр топқа мақал-мәтелдер таратылып,мағынасын сурет арқылы жеткізді.Ата-аналар суреттерін бір-біріне алмастырып, мақалдың мағынасын айтты. «Кім жылдам?» ойыны арқылы ата-аналардың көңілін көтеріп, сергітіп алдық. Әр ата-аналарға әріптер таратылып,сол әріптен басталатын сұраққа жауап берді. Ойын өте көңілді өтіп,ата-аналар сергіп алды. Семинар соңында ата-аналар комитетінің төрайымы «Ащы пияз» аңыз әңгімесі арқылы семинарды қорытындылады. Стикерлер таратылып,балаларымызға арнап тілектер жазып,ағашқа ілді.Осы мәуелеген ағаштай жемісін бірге жейік деп семинарымызды аяқтадық.












