Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімі
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылы, Махамбет көшесі 5

Сынып сағатының қысқа мерзімді жоспары

 

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

Балаңызды жат әдеттен сақтаңыз

Сынып сағатының

Балаларымызды жат әдеттерден сақтауға,оларға көбірек көңіл бөлуге тәрбиелеу.Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, отбасындағы қарым-қатынасты үйлесімді ету, оң көңіл-күй тудыру, өзара қолдау және сенімділік атмосферасын қалыптастыру.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

- Балаларды жат әдеттен сақтауға баулу

- Ата аналардың өзара қарым қатынасын нығайту

Бағалау критерийлері:

- Жат әдеттерден балаларының бойын аулақ ұстау жөнінде бағыт бағдар алады.          

Сынып сағатының түрі:

Семинар тренинг

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Кесте, бейнематериал, стикер, Аз парақ, фломастерлер, т.б.

Функциональдық

сауаттылық:

Тұрмыстық сауаттылық

(ата аналардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі)

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Ата аналар төрайымы алдын ала сынып бөлмесін  (парталардың топтың үлгісі) дайындап қояды. Бұл жерде «үстел» үстін әдемі гүл салынған құмырамен немесе интерьерлік заттармен әсемдеу ұсынылады.

Ата аналар төрайымы (бұл жерде кабинет  иесі):

- (сонымен қатар бос кеңістік, тайм-клуб, тайм-кафе)

— әлеуметтік бағыттағы қоғамдық мекемелердің бір түрі, негізгі сипаттамасы-ең алдымен уақытты төлеу, оның құнына ойын-сауық және іс-шаралар кіреді. Құрметтілерім, бүгінгі біздің семинар тренингімізде  «Балаңызды жат әдеттен сақта» тақырыбында әңгімелесіп, жат әдеттердің зияны жөнінде мағлұмат алатын боламыз.

Тапсырма №1

«Ең қауіпті нашақорлық есірткілер» бейнематериалын тамашалау. Бейнематериал желісіне сәйкес сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

- Есірткінің адам денсаулығына қауіпті ме?

- Бейнематериалда не жөнінде айтылған?

Бейнематериал сілтемесі:

https://yandex.kz/video/preview/?filmId

Дискриптор:

- Бейнематериалды түсініп қарайды;

 

 

Алғашқы сөз (кезең)

 

 

 

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

- Бейнематериал   мазмұнына   сәйкес   берілген    сұрақтарға жауап береді. 

Тапсырма №2

Бейнематериал мазмұнына сәйкес постер қорғау.

1-топ: «Темекінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы»

2-топ:  «Есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы»

3-топ:  «Ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы»

Темекінің зиянын білесің бе? Темекі шегу барысында оның жартысы жанып кетеді, жұтылатын түтіннің құрамында никотин, көміртек тұтығы, синил қышқылының бөліктері және басқа да сол сияқты химиялық заттар бар. Оның ішінде ең улысы – никотин, оның уы ағзаға еніп, әуелі тітіркендіреді, одан соң жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырлары тарылып, сілемейлі қабаты зақымданады. Егер де никотин көп мөлшерде ағзаға енсе, дене тырысып өліп кетуі мүмкін. Никотин ағзаға бірден емес, шамалап енеді, сондықтан да, шылым шегуші қатты уланбайды. Ол біртіндеп болады.

 

Сергіту «Кім жылдам?» Ата аналар бала тәрбиесіне қатысты сұрақтарға қолдарына таратылып берілген әріптер бойынша қызықты жауаптарын береді.

 

Тапсырма №3 Бейнематериал мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер бойынша сурет сал. Өзіңе    ұнаған мақалдың мазмұнын өз ойыңмен түсіндір.

 

Дискриптор:

- Бейнематериал мазмұнына сәйкес  өз ойын қағазға түсіреді.

- мақал-мәтелдердің суретін салады;

- Мақал-мәтелдерден ұнаған біреуінің мазмұнына түсінік береді.

Кері байланыс: «Ащы пияз» аңыз әңгімесі арқылы кері байланыс орнату. Бұл әдіс арқылы ата аналар  алтын уақытының  пайдалы жағы мен пайдасыз болғандығын айтып өтеді және балаға кішкентайынан бастап көңіл бөлу керектігін түсінеді.