|
Коуч |
ЗинуллинаМайра Талғатқызы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
21.11.2018 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тақырыбы: |
Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мақсаты: |
Қатысушы мұғалімдерді модерация үдерісімен таныстыру |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күтілетін нәтижесі: |
Мұғалімдер жаңартылған бағдарлама бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы туралы түсініктерін дамытады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ұйымдастыру: Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
Теориялық бөлім
Практикалық бөлім
Рефлексия |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Коучинг сабақтың қатысушылырымен сәлемдесу. Видеоролик көрсетіледі. Екі түрлі бейнебаяннан қандай ой түйдік? Ортаға үш мұғалім шығады. Авторитарлы- бұйрықпен, талаппен, айқайға үйреніп кеткен мұғалім. Либералды- сабақ жоспарлары бар, қағаздарының барлығы түгел, бірақ сабақты талпынып беруге тырыспайды. Гуманды- ізгілік әдіспен тыңдататын мұғалім. Бала қандай сол күйінде қабылдай білетін мұғалім.
Модерация-бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі. Модерация: · Бағалауды стандарттау мақсатында оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін мұғалімдердің талқылауы үшін белгіленген. · Бірдей сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен өтеді. · Олар белгілі пән бойынша балл қою кестесін бірыңғай қолданудың тәсілі арқылы жұмысты бастапқы бағалау талқылайды. Модерация қорытындысы бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін. Модерация бойынша төраға әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен қатар кез-келген пән мұғалімі болуы мүмкін.
Мұғалімдерге ТЖБ ретінде жаңартылған бағдарлама бойынша тест сұрақтары беріледі. Штрих кодталады. Орындалған жұмыстары тексеріліп, коммиссия мүшелеріне тапсырылады. Коммиссия мүшелері модерациядан өткізіп, 3 мұғалімнің (А;В;С деңгейдегі) жұмысын суырып алады. Хаттама толтырылады.
|
Ортаға 3 мұғалім шығады. Өмірде қандай зат жоғалтқандарын айтады. Содан кейін аудиториядан шығады. Бірінші мұғалім кіріп жоғалтқанын айтқанда басқалары мән бермегендей отырады. Екінші мұғалім айтқанда сыпайы түрде бірақ «мазалама», «уақытым жоқ» деген сияқты жауаптар айтады. Үшінші мұғалімге қолдау көрсетіп тауып беретіндерін айтады.
Жауап берілгеннен кейін конвертті ашады. Сурет құрастырады артындағы сандардың құпиясын шешеді.
Мұғалімдер тест сұрақтарын орындайды.
Рефлексияны толтырады |
Слайд видеоролик
Слайд А4 қағаздары
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы» тақырыбындағы коучингтің рефлексивті есебі
Мен ІІІ(базалық) деңгей курсының сертификатталған биология пәнінің мұғалімі Зинуллина Майра Талғатқызы «Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы» тақырыбында коучинг өткіздім. Өткізгендегі мақсатым: қатысушы мұғалімдерді модерация үдерісімен таныстыру.
Коучингті бастамас бұрын ең алдымен бейнебаян көрсеттім. Осы бейнебаяннан қандай ой түйдік? деген сұрақ қойдым. С. әріптесім бейнебаяндағы мұғалімдердің әртүрлі рөл сомдағанын нақтылап айтып берді. Содан кейін ортаға 3 әріптес мұғалімді шақырдым. Өмірде қандай зат жоғалтқандарын айтады. Бұл жерде үш мұғалім өздеріне берілген рөлдерін сомдайды. Сонда мұғалімдердің сабақ үрдісіндегі мінез-қылықтары шығады.
Авторитарлы- бұйрықпен, талаппен, айқайға үйреніп кеткен мұғалім.
Либералды- сабақ жоспарлары бар, қағаздарының барлығы түгел, бірақ сабақты талпынып беруге тырыспайды.
Гуманды- ізгілік әдіспен тыңдататын мұғалім. Бала қандай сол күйінде қабылдай білетін мұғалім.
Мұғалімдерге модерация ұғымына қысқаша ұғым беріп өттім.
Модерация-бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі. Модерация:
- Бағалауды стандарттау мақсатында оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін мұғалімдердің талқылауы үшін белгіленген.
- Бірдей сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен өтеді.
- Олар белгілі пән бойынша балл қою кестесін бірыңғай қолданудың тәсілі арқылы жұмысты бастапқы бағалау талқылайды.
Модерация қорытындысы бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін.
Модерация бойынша төраға әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен қатар кез-келген пән мұғалімі болуы мүмкін.
Модерацияны тиімді өткізу үшін жасалатын жағдайлар:
- Ынтымақтастық мәдениеті
- Ашық және айқын қарым-қатынас
- Тиімді кері байланыс
- Кәсіби қолдау
Келесі бөлім практикалық бөлімде қатысушыларға ТЖБ ретінде жаңартылған бағдарлама бойынша тест сұрақтары берілді. Штрих кодталды. Орындалған жұмыстары тексеріліп, коммиссия мүшелеріне тапсырылды. Коммиссия мүшелері модерациядан өткізіп, 3 мұғалімнің (А;В;С деңгейдегі) жұмысын суырып алды. Хаттама толтырылды.
Рефлексия бөлімі: Қатысушы мұғалімдеріміз рефлексия толтырып берді.Нәтижесінде модерация хаттамасын толтыруда, модерация үдерісіне кімдер қатысатынына түсініктерін қалыптастырды.
Мұғалімдер модерация хаттама үдерісін талқылап тәжірибе алмасты.
Жеткен нәтижем: Қатысушы мұғалімдер модерация үдерісімен танысып, модерация туралы пікір ойларын дамытты.
Есбол орта мектебі
|
«Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы» тақырыбындағы коучинг |
Өткізген: ІІІ(базалық) деңгей курсынан сертификатталған биология пәнінің мұғалімі
Зинуллина Майра
2018-2019 оқу жылы















