
Шараның мақсаты: Оқушыларға адамгершілік қасиеттері туралы түсіндіре отырып, жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін ашу, айналасындағы адамдарға қайырымдылық жасауға үйрету.
Шараның міндеттері:
- Әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар
құндылықтарды дамыту;
- Жас жеткіншектерді достық, кішіпейілділік, бауырмалдық қасиеттерге баулу;
- Оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, жақсылыққа, қайырымды да ізгі істер жасауға тәрбиелеу.
Шараның барысы:
Жүргізуші:
Қайырлы күн! Қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас достар! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ұстаздар мен ата-аналар! Сіздерді бүгінгі біздің белсенді оқушылардың ұйымдастыруымен өткелі отырған «Шын жүректен сіздерге» атты концерттік бағдарламамызға қош келіпсіздер! Бүгінгі біздің кешімізге оқушылар, ата-аналар, ұстаздар қатысып отыр.
Жүргізуші:
Бала болашақта айналада толып жатқан жақсылықты көреді. Себебі, ол өзін тек қана жақсылыққа тәрбиелейтін ортада өспек. Бұл ата-аналар мен ұстаздардың жылы жүрегімен мейірімін төккен ақыл-парасатының еншісінде. Олай болса кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Фазила Тюринаға береміз.
Жүргізуші:
Алдарыңызда 5 сынып оқушылары Самат Елшат және Едрешова Нұрай «Ертегілер елінде» әнімен
Жүргізуші:
Майысып бұраңдаған денелері
Алаулап жайнаған көздері
Буын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,
Алдарыңызда мектебіміздің гүлдері.
Би. 3 сынып оқушыларынан құралған Орыс ұлтының биі
Жүргізуші:
Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» деген болатын.
Жүргізуші:
Мен, сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.
Мен, баламын қамқор болар ата - анаға.
Мен, доспын достық туын көкке ұстар.
Мен, баламын болашақта елін қорғар.
Мен, адаммын осының бәрін ұғар.
Мен, қазақпын жақсылыққа жаны құмар.
Ән. 5 сынып оқушысы Аюсина Аружан «Туған ел»
Жүргізуші:
Жақсылық жасау – имандылықтың , тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс – тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
6 сынып оқушысы Нұраш Фаризаның оқылуында Фариза Оңғарсынованың «Досыма» өлеңін оқиды.
Ән.
Жүргізуші:
Ортаға әлеуметтік педагог А.Төреғалиева
«Ойлан» атты тренинг ойынын өткізеді.
Жүргізуші:
Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таласты,
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген - барлық байлық емес пе?
Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе?
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой»
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.
Бірі айтады: «Бақыт деген - жүйрік мініп той тойлау»
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, қарт ойнау.
Бірі айтады: «Бақыт деген - адал жар мен перзент қой!»
Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым
Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты,
Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!- деп ақын ағамыз айтқандай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялату - осы отырған барлық азаматтың борышы.
Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!
Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай келе, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз. «Шын жүректен сіздерге» атты кешімізді жабық деп жариялаймын.
Хабарлама
Аудандық білім бөлімінің қатынас хатына сәйкес 4 желтоқсан күні Есбол орта мектебінде «Ризашылық – Балалардың игілігі үшін мейірімділік» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.
Шараның мақсаты: оқушыларға адамгершілік қасиеттері туралы түсіндіре отырып, жалпы адамзаттық құнылықтардың мәнін ашу, айналасындағы адамдарға қайырымдылық жасауға үйрету.
Қайырымдылық шарасына үйден оқитын оқушымыз Теміржан Рустам ата – анасымен және сыныптас достарымен қатысты. Шараны мектеп басшысы Ф.Тюрина ашып, Рустамға денсаулық тілей отырып, оқушыларға әрбір адам бір-біріне қайырымдылық танытып, мейірімді болуға, қамқорлық жасауға шақырды.
Шара барысында Рустамның сыныптастары тамылжыта ән салса, кіші іні-қарындастары 3 сынып оқушыларынан құралған бишілеріміз орыс биін билеп түрлі өнерлерін ортаға салды. Сыныптасы Нұраш Фариза «Досыма тілек» атты Фариза Оңғарсынованың өлеңін нақышына келтіріп оқыды.
Шараның екінші бөлімінде мектептің әлеуметтік педагогы оқушыларға «Ойлан» деп аталатын тренинг ойын ұйымдастырды. Мақсаты үнсіздік арқылы оқушыларды достыққа, ауызбіршілікке шақыру. Осы тренинг ойынға оқушылар ат салыса белсене қатынасып, Рустам жеңіске жетті.
Қайырымдылық шараның қорытындылай келе анасына Рустамға қажетті дәрі-дермек алуына қаржылай көмек, сый-сыяпат ұсынылды.

















