Хаттама №1
2019 жылдың 5 қыркүйегінде жалпы атааналар жиналысы өтті.
Қатысқаны: 53
Қатыспағаны:18
Қаралатын мәселе:
- Жаңа оқу жылындағы өзгерістер (сабақ кестесі, 5 күндікке көшу, сабақ уақыты, жаңартылған білім беру, 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сыныптардағы бағалау т.б.)
- Мектеп формасын бекіту, келісім шартпен таныстыру.
- Ата-аналар комитетін сайлау.
Тыңдалды:
1.Мектеп директоры Ф.Тюрина 2019-2020 оқу жылының басталуымен құттықтап, бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басқанын, білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі екендігі туралы, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлға аралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетінін айтып өтті. Сондықтан бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім, ғылым, инновация атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» - деген болатын. Ендеше еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Атап айтқанда, мектепте жеке тұлғаны рухани қалыптастыруға жоғары басымдылық беріліп, үш тілде еркін сөйлейтін тұлғаларды тәрбиелеу шығару көзделіп отырғанын айтып өтті.
- Оқу ісінің меңгерушісі А.Байғалиева. Жаңартылған бағдарлама мазмұнын енгізу туралы – Қазіргі таңда қазақ тілі мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі орыс және ағылшын тілдері – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып әр сабақта жан-жақты қолданып жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттанарлық тың бағдарлама. Жалпы айтқанда жаңа бағдарламаның мәні балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде пайдалана білу керек. Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім-болашақтың кепілі-деп қорытындылай келе, биылғы оқу жылында 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшетінін, 1-11 сыныптар бес күндік оқу жүйесіне көшетінін, «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына енген өзгерістерге байланысты, оқу жүктемесі ұлғайған жағдайда сабақ кестесі қамқоршылық кеңесі және ата-аналар сіздердің келісімдеріңізбен сабақ уақытын 8-00-де, әр сабақтың ұзындығы 40 минуттан болғанына қалай қарайсыздар? Деген сұрақтар қойылып ой бөлісті.
3.Ата-ана Рахымғалиева А.: Мен бұл шешімді толықтай қолдаймын. Бұл баламыз үшін өте ыңғайлы, түстен кейін уақытында үй тапсырмасына, ҰБТ, ОЖСБ-ға, үйірмелерге баруына толықтай мүмкіндік туады. Менің бұл шешімімен басқа ата-аналарда келіседі деген ойдамын.
4.Тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Қоржықбаева С.М міндетті мектеп формасын бекіту,ата-аналар мен мектеп басшысы арасында жасалатын келісім шартпен таныстырды. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016ж. 14 қаңтардағы №26 бұйрығының талаптарына сәйкес мектеп формасының жаңа үлгісі.
Ұлдарға арналған мектеп формасына кіреді:
Жилет,шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде. Ұлдарға арналған шалбар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес галстук тағылады.
Қыздардың мектеп формасына кіреді:
Жилет тізеден 10см. Жоғары аспайтын юбка, класикалық жейде. Қыздарға арналған шалбар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
-Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма: спорттық костюмнен (спорттық шалбар, шорт, футболка) спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады.
-Мектеп формасында білім беру ұйымының ерекшелік белгілері(белгілер, тігіспелер т.б.) орналасады.
-Форманың түсі: қара көк
- Ата-аналар барлығы бір ауыздан Иманалиева Жанар ата-аналар комитетінің төрайымы етіп сайлады.Ата-аналар жаңартылған білім мазмұнын, оқу процесіндегі өзгерістерді қолдайтынын айтып өз ойларын ортаға салды.
Қаулы:
- Жаңа оқу жылындағы өзгерістерді енгізе отырып, жүрісін қадағалау оқу ісінің меңгерушісі Байғалиеваға жүктеу.
- Ата-аналармен келісім шартты, мектеп формасын қадағалау тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қоржықбаева С.М.
- Ата-аналар комитетінің төрайымы Иманалиева Ж сайлау
Жиналыс төрайымы: Джунаева Ж.
Жиналыс хатшысы: А.Жүсіпбаева
https://esbol-mektep-makhambet.edu.kz/kz/ata-analar-turaly-zhalpy-m-limet/199-khattama-1.html#sigFreeId2e0e6f1ed2












