Есбол орта мектебі бойынша 4 ақпан күні өткізілген «Балаңызды жат әдеттерден сақтаңыз» атты ата-аналармен өткізілген семинардың анықтамасы
Есбол орта мектебі бойынша 4ақпан күні «Балаңызды жат әдеттерден сақтаңыз» тақырыбында ата-аналармен семинар өткізілді.
Семинарды ата-аналар комитетінің төрайымы Есенаманова Актоты ата-аналарға сәттілік тілеп,жаман әдеттер туралы қысқаша мағлұмат беріп өтті.
Ата-аналарға видеоролик көрсетіліп,сол төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Ата-аналар темекінің зияны туралы,есірткінің зияны туралы постерлер қорғап,өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Әр топқа мақал-мәтелдер таратылып,мағынасын сурет арқылы жеткізді.Ата-аналар суреттерін бір-біріне алмастырып, мақалдың мағынасын айтты. «Кім жылдам?» ойыны арқылы ата-аналардың көңілін көтеріп, сергітіп алдық. Әр ата-аналарға әріптер таратылып,сол әріптен басталатын сұраққа жауап берді. Ойын өте көңілді өтіп,ата-аналар сергіп алды.
Семинар соңында ата-аналар комитетінің төрайымы «Ащы пияз» аңыз әңгімесі арқылы семинарды қорытындылады. Стикерлер таратылып,балаларымызға арнап тілектер жазып,ағашқа ілді.Осы мәуелеген ағаштай жемісін бірге жейік деп семинарымызды аяқтадық.
https://esbol-mektep-makhambet.edu.kz/kz/ata-analar-turaly-zhalpy-m-limet/300-esbol-orta-mektebi-bojynsha-4-a-pan-k-ni-tkizilgen-bala-yzdy-zhat-detterden-sa-ta-yz-atty-ata-analarmen-tkizilgen-seminardy-any-tamasy.html#sigFreeId2b98d74c1b
Ата-аналар комитетінің төрайымы А.Есенаманова












