Есбол орта мектебінде 2017 жылдың 28 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Отбасылық тәрбиеге – басты басымдылық» тақырыбында ұйымдастырылған ата-аналар апталығына арналған жұмыс анықтамасы.
Есбол орта мектебі бойынша 2017 жылдың 28 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Отбасылық тәрбиеге – басты басымдылық» тақырыбында ата-аналар апталығы болып өтті.Жоспар жасақталып,сол бойынша жұмыстар жасалды. Ашық есік күні ұйымдастырылып, мектеп психологының ұйымдастыруымен «Мықты отбасы-мықты мемлекет» атты ата-аналармен сұрақ-жауап кеші өтті. Сонымен қатар қыздар кеңесінің төрайымы Альсмахова Айнұр қыздар жиналысын өткізіп, ата-аналармен «Қызым саған айтам...» атты дөңгелек үстел өткізді. «Болашаққа негіз тәрбиеден» атты пікірталас өтіп,ата-аналар өз ойларын ортаға салып,тренингтер өткізіліп,сергіп қайтты. «Отбасым шуағым» атты тәрбиелік шара өтіп,оқушылар ән айтып,би биледі. «Анашым- жан шуағым!» атты психологиялық жаттығулар ұйымдастырылып, «Сиқырлы тәттілер», «Анаңды қолынан таны», «Жанұя шашуы», «Тілек шамы» секілді ойындар ойналды.Апталық өз дәрежесінде өтіп,ата-аналар қуанышпен тарасты.
https://esbol-mektep-makhambet.edu.kz/kz/ata-analar-turaly-zhalpy-m-limet/301-esbol-orta-mektebinde-2017-zhyldy-28-s-uir-men-15-mamyr-araly-ynda-otbasyly-t-rbiege-basty-basymdyly-ta-yrybynda-jymdastyryl-an-ata-analar-aptaly-yna-arnal-an-zh-mys-any-tamasy.html#sigFreeIdc2051edf3b
Ата-аналар кеңесінің жетекшісі: Есенаманова. А












