Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімі
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылы, Махамбет көшесі 5

Есбол орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылында Ата-аналар Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес III-тоқсан қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыс анықтамасы.

 

Есбол орта мектебінің 2017-2018 оқу жылында ата-аналармен жұмыстың жоспары жасақталып,жұмыс жасалуда.10.11.2017ж Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі Альсмахова Айнұр «Отбасы тәрбиенің ұясы» атты тренингтерін өткізді. «Нұрға бөлену» Тыныштық сәтімен бастап, ата-аналарға қызықты сұрақтар берді.Ата-аналарды топқа бөліп,мақал-мәтелдердің мағынасын ашты, «Балаңызға деген сүйіспеншілік» деген ойын ойнатты.

 Есбол орта мектебі бойынша 2018 жылдың 30 қаңтар мен 4 ақпан аралығында «Менің отбасымның бағы-елімнің мәртебесі»  тақырыбында ата-аналар апталығы болып өтті.Жоспар жасақталып,сол бойынша жұмыстар жасалды. Ашық есік күні ұйымдастырылып, «Ана мен әке тәрбиесінің мектеп тәрбиесімен сабақтастығы» тақырыбында мектептің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары С.Қоржықбаева семинар өткізді.Сонымен қатар 8 сыныптар арасында «Ибалы ұл,инабатты қыз-өмір көркі» атты пікірталас өткізіліп,ата-аналармен қыздар арасында шара өткізілді.Қыз тәрбиесі жөнінде түрлі сұрақтар қойылды.Видеороликтер көрсетілді.Ата-аналардың пікірлері тыңдалды.«Үйдегі бақытқа бөленген бала-бақытты бала» тақырыбында мектеп психологы ұйымдастырған дөңгелек үстелде өз дәрежесінде өтті.Ата-аналармен тренингтер ұйымдастырылып,ойындар ойналды.Мектебіміздің жас маманы құқық пәнінің мұғалімі Қақиева Айнагүлдің ұйымдастыруымен «Отбасылық-неке қатынастары,баланың құқықтары,ата-ананың балалар тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру» тақырыбында 9,10,11 сыныптар арасында ата-аналар мен оқушылар арасында пікіралмасу өткізді. Видеороликтер көрсетіліп,сол төңірегінде әңгіме өрбіді.Сұрақтар қойылып, «Қол көмек» ойыны ойналды.Дене тәрбиесі бірлестігінің ұйымдастыруымен «Спорт-есірткіге қарсы» атты спорттық сайыс өткізілді.Апталық өз дәрежесінде өтті.

Ата-аналар кеңесінің жетекшісі:  Есенаманова. А