Есбол орта мектебі бойынша 2016-2017 оқу жылында Ата-аналар Қоғамдық кеңесінің тоқсан қорытындысы бойынша 27-28 наурызда өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хабарламасы.
Есбол орта мектебінде 2017 жылдың 17 наурыздағы №15-4-10/815 санды хатына сәйкес 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 79-тармағын орындау мақсатында оқу тоқсанының қорытындысы бойынша ата-аналар қауымының алдында қоғамдық тыңдаулар өткізілді.Қоғамдық тыңдауда негізгі мәселе ретінде ата-аналар қауымдастықтары үшін «Мәңгілік ел Патриоттық Актісі» бойынша түсіндірме жүргізу еді.Бұл мәселе жөнінде тарих пәнінің мұғалімі Тұрғанбаева Гүлмира ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның – қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.Біз,Қазақстан азаматтары,Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып,Болашағы біртұтас ел-Мәңгілік елді құру жолында біргеміз.Мәңгілік елдің өзегінде қарапайым,түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар-отбасымыздың амандығы,қонақжайлық және еңбексүйгіштік,тұрақтылық,қауіпсіздік және бірлік,ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.Ата-аналар жиналыс соңында өз пікірлерін білдірді.Ата-аналармен жиналыс соңында мектеп психологының ұйымдастыруымен тренингтер өткізілді.
https://esbol-mektep-makhambet.edu.kz/kz/ata-analar-turaly-zhalpy-m-limet/306-esbol-orta-mektebi-bojynsha-2016-2017-o-u-zhylynda-ata-analar-o-amdy-ke-esini-to-san-orytyndysy-bojynsha-27-28-nauryzda-tkizilgen-o-amdy-ty-daulardy-khabarlamasy.html#sigFreeId80e8024ff3












