Отбасылық тәрбиеге – басты басымдылық.
Есбол орта мектебінде 2017ж 12 мамыр күні жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.Мектеп еш уақытта отбасынан,қоғамнан бөлінген емес.Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен,жұртшылықпен,еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты.Міне,мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Жиналыста «Отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбиенің үйлесімділік табуы» тақырыбында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қоржықбаева Самал баяндама жасады.Ата –аналар комитетінің төрайымы Рахымғалиева Айгүл мен ата-ана Дүйсенғалиева Дәметкен өз ойларын ортаға салды.
Жиналыстың екінші бөлімінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Слеумұханова Назымгүл сөз алып, «Өзін-өзі тану пәні-рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы» екендігіне тоқталып өтті.Ата-аналармен «Шашу» тренингін ұйымдастыра отырып, «Арман», «Сенім», «Үміт» топтарына бөлді.Ата-аналар назарына «Анашым,рахмет!» бейнеролигін жіберіп,сол арқылы бейнероликтегі көрсетілім бойынша өз түйген түйіндерін ортаға салып,өз тақырыптарын қорғады.Осы топтағы өз белсенділіктерімен көзге түскен Тұяқова Мәншүк,Тұрғанбаева Гүлмира,Ермекова Тұрсын сынды ата-аналар марапатталды. Алға қарай ата-аналармен жұмыстар жинақ етіп шығару ұсынылды.
Отбасы мен мектеп-өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ.Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата-ана ұмытпай,жадында сақтаса игі.
Ата-аналар комитеті бойынша жауапты адам:
Есенаманова Ақтоты.
https://esbol-mektep-makhambet.edu.kz/kz/ata-analar-turaly-zhalpy-m-limet/308-otbasyly-t-rbiege-basty-basymdyly.html#sigFreeId7e4741cf02












