Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімі
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылы, Махамбет көшесі 5

Қазақстан Республикасы Премьер – министрінің 2006 жылғы 11 мамырдағы   №36-р «2016 – 2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын жіне жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» өкімін орындау барысында,

Атырау облысы әкімдігінінң 2019 жылғы 13 мамырдағы №91 қаулысы бойынша мектеп оқушыларының шығармашылық дамуын, білім ұйымдарында балалар мен жас өспірімдердің демалысын, сауықтырылуы мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру және өткізу мақсатымен «балауса» жазғы демалыс лагерінің үшінші кезеңі 21 – 30  маусым аралығында жұмыс жасады. Мектеп жанындағы ұйымдастырылған лагерь жоспар – кестеге сай іс – шаралар өткізіпғ әр күнде балалар қызығушылығын арттыруға белсенді кірісті.

Алғашқы күн – «Кел танысайық!» болып белгіленіп, келген демалушылармен танысу тренингтер, достық туралы шаралар өткізілді. «Қауіпсіз жаз» күнінде демалушыларды қауіпсіздік қағидаларымен таныстырып, «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері»  тақырыбында топпен жұмыс жүргізілді.

«Жершары» күнінде демалушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғап, аялап, ардақтау біздің міндетіміз екені айтылып, «Табиғат және біз» тақырыбында сайыс өткізілді.  «Күлкі күні» демалушылардың қатысуымен өткен  «Күлкі әлеміне саяхат» сайысы оларға ерекше, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, күннің жақсы өтуіне себепші болды. «Қазына іздеу» күні өте қызықты өтті. Жоспар бойынша демалушылар берілген бағыт – бағдардан өтіп, тапсырмаларды орындады. Балалардың барлығы тапсырмаларды орындап, соңында тәтті қазынаға ие болды. 

«Кітап» күні демалушыларымз арасында түрлі сайыстар өткізіліп, өз білімдерін ортаға салды.  «Саяхатшы» күні демалушылармыз Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласына барып, көптеген мәліметтер алып қайтты.

 «Ертегілер» күні ерекше өтті. Демалушыларымыздың арасында  әр түрлі ертегілерден қойылымдар қойылып,  ертегілер еліне саяхат жасағандай әсерде болды.  «Әуендер» күні  «Көңілді ноталар» музыкалық фестиваль  ұйымдастырды. фестиваль өте қызықты өтті. Сонымен қоса биден  жарыс өткізіліп, бүлдіршіндеріміз өздерін жоғары дәрежеде көрсете алды.

Лагерьдің соңғы күні «Көтеріңкі көңіл күй» күні «Қош бол, сүйікті, Балауса» атты мерекелік шармаен аяқталып, оқушылар бір – бірімен, тәрбиешілермен қимай қоштасты.

Мектептің медицина қызметкері  жазғы демалыс кезіне оқушылар денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша сауықтыру бағдарламасын құрастырғандықтан, лагерь кезінде оқушылармен әңгімелер, сабақтар өткізді.

Мектеп асханасында балалар күнделікті пайдалы, әрі дәмді тағамдармен тамақтанды. Асхана балаларды хош иістермен, тазалықпен қарсы алып отырды.

 

 Лагерь қызметкерлері өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, қызметтерін тиянақты орындады. 

 

«Кел танысайық» күні

«Қауіпсіз жаз» күні

«Күлкі» күні

«Жершары» күні

«Саяхатшы» күні

«Кітап»күні

«Ертегілер» күні

«Әуендер» күні

«Көңілді көңіл күй» күні