Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімі
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылы, Махамбет көшесі 5

Күні: 20.09

Сыныбы. 7

Тәрбие сағатының тақырыбы

Бала бақыты отбасында

Мақсаты:

 

1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

2.Оқушылардың  естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

 

Әдісі

әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.

 

Көрнекі құралдар

отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер, бейнероликтер

Тәрбие шараның  жүру  барысы

Басы

Кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғыз.

Психологиялық сәт. Ендеше үш топқа бөлінейік. Ән сал тренингі арқылы

«Ана» тобы.

Ана туралы жыр. (1.40)

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

«Әке» тобы.

Әке туралы жыр. (1.10)

Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

«Бала» тобы.

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да

Ия балалар, бұл әе ана бала кім қандай байланыста  жарайсыңдар  шешуі отбасы екен

 

 

Ортасы

Негізгі бөлім

Отбасы туралы әңгімелеу.
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?

Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің  тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.

Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.

 

 

Топтық жұмыс ережелерін есте сақтау.

 

1.Тыңдай білу.

2.Өзара сыйластық.

3. Белсенділік.

4. Қол көтеріп сөйлеу.

5.Уақыт үнемдеу.

 

Топтық жұмыс.

 

1.Отбасындағы әкенің орны.

2.Отбасындағы ананың орны.

3.Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып, бақытты өмір сүруі үшін қандай бала болуларың керек?

 

Бейнеролик көрсету.

 

«Жетім »   

«Отбасындағы әке рөлі» 

Бейнеролик бойынша тапсырма беріледі .  1 тапсырма:  бұл бейнеролитегі өмірде не   ж  ок  

Екінші бенероликте не бар

 Балалар біз өзіміздің «Бақытты отбасымыздың» үлгісін құрастырайық.

Ол үшін бақытты отбасы қандай  болуы керек. Соны анықтап алайық.

«Бақытты отбасы модулін»

Үйдің берік болып ұзақ қызмет етуі үшін іргетасы мықты болуы керек. Отбасының да мықты, берік, тату болуы үшін оның мүшелерінің бойында қандай қасиеттер болуы керек.

 

Сұрақ – жауап:

 

1 топ.

1. Балдан тәтті не? (бала)

2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)

4. Әкеден балаға беріледі. (мұра)
5. Үйде кім қадірлі? (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

7. Бес дұшпанды атаңдар?  ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,  бекер мал шашпақ)

 

2 топ

1 Жеті қазынаны ата. (жүйрік ат;қыран бүркіт;құмай тазы;берен мылтық;ер жігіт, сұлу әйел; ақыл-білім)

2. Ер жігіттің неше жұрты болады? (3жұрты. Өз,қайын жұрт, нағашы)

3. Сенің туған әпкеңнің әкесінің жолдасының әкесі сағат кім? (нағашы ата)

4. Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

5.  Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

6. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі,

іні.)

7. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)

3 топ

1. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру. ( Үлкенді сыйлау, айтқан

ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.

2. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)

3. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)

4. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп,

айтқандарын істеу керек.)

5. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)

6. Отбасының басшысы кім? ( Әке)

 

Мақал -мәтелдің жалғасын табу

1.Атаға қарап - ...............,

Анаға қарап - ..................

2. Ананың көңілі балада, ..........................

3. Ата-ананың қадірін - ................................

4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

5. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)

6.«Жеті атасын білмеген: ................(жетесіз»),

7. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

8. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

9. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

10............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

11.Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

12.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

 

 

Қорытындылау.

- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!

 

 

Рефлексия : Қолшатыр

Оқушылар қолшатыр қандай құрал. Не себепті қолшатырды пайдаланып тұрмыз. Өте жақсы оқушылар қолшатыр қорғаныш құралы . Біздің де ата-аналармыз бізді кез келген  жағайда қорған болады, өз тілектерімізді және  бүгінгі тәрбие сағатында не алдық соны  стикерге жазып  қолшатырға жапсырайық. Және бүгінгі тәрбие сағатымыз әке-ана әнімен аяқталады.

 

 

 

Есбол орта мектебі

 

 

АШЫҚ  ТӘРБИЕ  САҒАТЫ

Тақырыбы: «Бала бақыты отбасында »

7 сынып

 

 

 

 

Сынып  жетекші:  Қоржықбаева Самал Марданқызы

 

 

 

 

2018-2019  оқу  жылы