«Елбасы-елдің тұтқасы»
1- жүрг. Уалихан
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
2 жүрг Зарина
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
1 жүрг. Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар ата аналар
2- жүрг. Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы- елдің тұтқасы » тақырыбындағы тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер.
1 -жүрг.
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
2 жүрг Зарина
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
1 жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жариялансын. ҚР Гимні орындалсын.
1-жүргізуші(Уалихан ):
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
2-жүргізуші:(Зарина )
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азап күн.
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын!
Тақпақтар кетеді, хабарланбайды
Хор: «Нұр аға»
1 жүргізуші :
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?! Дей келе Елбасымыз туралы жырламаған ешбір ақын жоқ шығар. Міне сонын дәлелі жергілікті жеріміздің ақындарының да Елбасы туралы туындыларна көңіл бөлейік.
Көркемсөз оқитындар Досымбек Данагүл, Бағытжанова Жансұлу
1-жүргізуші:
Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса щшытырман талас-тартыспен тәуелсіздіккее ұмытылды. 1991 жылы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды. Осы орайда елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ұшаң теңіз.
Видео
2-жүрг.
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен. Елбасымызға жылы лебізін білдірген шет мемлекет өкілдерінің лебізіне құлақ түрсек.
1 жүргізуші:
…Бас иесіз көрген қызық мәнсіздей,
Ел бақытты Елтұтқасы бар Сіздей.
“Ер қадірін ел біледі”, – деуші еді,
Ел қадірін Ер біледі дәл Сіздей!!!
Елбасымыз туралы ақындарымыздың өлен шумақтарымен таныстық енді көрермендер сіздерге Елбасы тура сұрақтар қойғым келіп отыр.
- Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
- Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)
- . Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)
- . Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
- Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)
- Назарбаев құрметіне аталған мектептер қалай аталады? «Назарбаев зияткерлік мектептер»
7.Призеденттің студенттерге арналған шәкірт ақысы қалай аталады? «Болашақ»степендия
- Назарбаев қанша жасында президент болды? 50-жас
- Призидентіміздің балалақ шағына арналған киносы қалай аталады? «Балалық шағымның аспаны»
- Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды. Түркия астанасы Анкара
- Елбасы жолы киносында елбасының рөлін сомдаған қай актер. Нұрлан Әлімжан Менің Қазастаным әні мемлекеттік Гимн болы қашан бекітілді. 2006 жылы 7 қаңтарда
Баршаңызға рахмет.
Келесі тамашалайтындарыңыз «Көңіл толқыны » биі
1-жүргізуші
Сыншы көп қой біткен іске сынайтын,
Ғұмыр кештің ұлтың үшін ұнайтын.
Жатыр елім күндіз-түні той тойлап,
Құрметіне құрбан шалып Құдайдың.
2 жүргізуші:
Шартарапқа байлығымен байқалған,
Қазағымды бақытсыз деп айта алман.
Сара жолға түсті елім тәубә деп,
Жорға сынды төрт аяғы тайпалған.
Тәрбие сағатымыздың келесі кезеңі Еркін микрафон . Қадірменді ұстаздар мен оқушылар сіздердің айналаларыңызда ақ парақта жасырылған. Соны табуға ат салысайық.
Бәрекелді. Бұл жасырылған қағаздарда Елбасы туралы біз білмейтін қызықты деректер еді. Соны оқып өтейік.
Көркемсөз Мадина мен Зарина
2-жүргізуші:
Атажұрттың керегесі керіліп,
Оғыландар атқа қонды тебініп.
Армандаған, Сіз аңсаған дәуірдің,
Көкжиегі көз ұшынан көрініп.
1-жүрг.: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
1-жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасы,
2 жүргізуші : елінің жанын ұғатын,
1 жүргізуші: халқын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы;
2 жүргізуші: еліміздің дарынды ұйымдастырушысы,
1 .жүргізуші: көреген басшысы,
2 жүргізуші: нарықтық экономиканың терең білгірі,
1 жүргізуші: өз елім менің – өзегім дейтін Азамат..
2 жүргізуші: 1-желтоқсан Президент күні тағы да құтты болсын.
Елімде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын!
Барлығы бірге:Елімнің ел ағасын халқы қолдап,
Қазақстан жеріміз аман болсын!
2-жүргізуші:
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Салтанатты кешті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлағатты ұранымен аяқтаймыз: тұғырымыз – тыныштық, тілегіміз – татулық, тірегіміз – тұрақтылық болсын!















