Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен –Тәуелсіздік!»
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру.Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, ән, көріністер арқылы балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру. Ел, жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Отан деген сүйіспеншілінін арттыру.
Ертеңгіліктің түрі ойын сауық түрінде өтті. Ертеңгілік әнұранмен ашылып,балалар Ту,Елтаңба,Гимн туралы түсінік берді. Балалар тәуелсіздік күніне орай әдеби көркем шығармаларын айтып, «Тәуелсіздік ел-ұраны», «Қазақстан жалауы» әндерін хормен орындады.
«Қайратты тергеу» сәтінен балалар қойылым көрсетті. «Алға Қазақстан» әнімен топтық би биледі.Ертеңгілікті қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қойылып, жауаптары алынды.
« Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар» деп шарамыз қорытындыланды.
https://esbol-mektep-makhambet.edu.kz/kz/zha-aly-tar/316-elimni-ba-ytyn-terbetken-t-uelsizdik-2.html#sigFreeIdedf5898401












