Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімі
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылы, Махамбет көшесі 5

Жаңа  жыл мерекесіне арналған «Қош келдің,Жаңа жыл!» атты  мектепалды сыныбымен бірлескен ертеңгілік болып өтті.

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

 

Балалар кешке арналған өлеңдері мен тақпақтарын айтты.Рауан сиқыршы болып,көрермендерге сиқырын көрсетті және шыршаны сиқырлап шырша шамын жағаотырып,шарша ішінен Сайқымазақты шығарды. Сонымен қатар балалар көңілді би билеп,Сайқымазақпен ойын ойнады. Балалардың асыға күткен Аяз атасы мен Қарша қызы және ескі жыл мен жаңа жыл келіп,балаларға деген жүрекжаржы тілектері мен жеткен жетістіктері туралы айтып өтті.