Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімі
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылы, Махамбет көшесі 5

Шағын орталық тобында күз мерекесі тойланып өтті.

Мақсаты:  Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Күз мерекесіне орай балалар тақпақтары мен әндерін арнады.Балалар жемістер мен көкөністер болып киініп шығады.Ортаға күз ханшайымы  шығып,балалармен амандасып,себет тола жемістер мен көкөністер ала келеді.Және  балалармен ойын ойнайды. Ортадағы себеттегі  жемістер мен көкөністерді ажыратты.Жемістерді ағашқа,көкөністерді  жерге (топыраққа) орналастырды. Қыздар өлең айтып, «Дәміне қарай ажырат» ойыны ойналды. Көздерін орамалмен байлап,жемістер мен көкөністердің дәмін тата отырып,қандай жеміс екенін ажырату керек. Ертеңгілік өте көңілді,өз дәрежесінде өтті.