Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30-жыл
Тәуелсіздік жетістіктері
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз дегеніміз-еркіндік, бостандық деген мағынаны білдіреді. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. 1991 жылдың 1 желтоқсанында халқымыз Н.Ә.Назарбаевты елбасымыз етіп сайлады. Тәуелсіз мемлекет болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да-мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.
Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Гимнін құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.
Балаларға сұрақтар беріліп,жауаптары тыңдалады.
- Балалар біздің ұлтымыз кім?
- Қазақ
- Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан қандай мемлекет ?
- Егеменді,тәуелсіз мемлекет.
- Тұңғыш Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Қазіргі президентіміз кім?
- ҚасымЖомарт Тоқаеев.
- Елорда бас қаламыз қай қала?
- Астана қаласы.
- Ал Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
- Татар,өзбек,корей,шешен,қырғыз,орыс т.б
- Олармен біз қалай тұрамыз?
- Тату тұрамыз.
Рәміздеріміз. Ту ,Елтаңба,Әнұран.
Рәміздерімізге жеке-жеке тоқталып ,суреттерін көрсете отырып,түсінік берілді.
Оқу қызметін қорытындылай келе алдарындағы қалақшаға жапсырылған пішіндерді туға ұқсайтын,елтаңбаға ұқсайтын (түстері,пішіндері) қалақшаларды көтереді.
https://esbol-mektep-makhambet.edu.kz/kz/zha-aly-tar/294-aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigine-30-zhyl-t-uelsizdik-zhetistikteri.html#sigFreeId29da2404c4












