Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Балалар кешке арналған өлеңдері мен тақпақтарын айтты.Рауан сиқыршы болып, көрермендерге сиқырын көрсетті және шыршаны сиқырлап шырша шамын жаға отырып,шарша ішінен Сайқымазақты шығарды. Сонымен қатар балалар көңілді би билеп, өздерінің Аяз атамен ақшақарға арнаған таппақтарын айтты.Сайқымазақпен ойын ойнады. Балалардың асыға күткен Аяз атасы мен Қарша қызы және ескі жыл мен жаңа жыл келіп,балаларға деген жүрекжарды тілектері мен жеткен жетістіктері туралы айтып өтті және балалар жаңа жыл мерекесіне жақсы көңіл-күймен қаттысты.












