Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімі
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол ауылы, Махамбет көшесі 5

Мақсаты: Туған ел,Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту,туған елге деген сүйіспеншілігін,патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Ертеңгіліктің түрі ойын сауық түрінде өтті. Ертеңгілік оркестрмен ашылып,балалар сылдырмақ,даңғыра,домбыра,шаңқобыз,аса таяқ, тұяқтас аспаптарында ән орындады. Балалар тәуелсіздік күніне орай әдеби көркем шығармаларын айтып, «Тәуелсіздік ел-ұраны», «Тәуелсіз Қазақстан» әндерін хормен орындады. Ертеңгілікті қорытындылау мақсатында балаларға зымыран сұрақтар қойылып,жауаптары алынды.

« Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар» деп шарамыз қорытындыланды.